Басқа

Айсұлтан Сейітов Nike компаниясының жарнамасын түсірді

news-banner7
mobile-news-top

Әлемдік деңгейдегі әншілерге сапалы клип түсірумен танылған қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов танымал Nike компаниясының жарнамасын түсірді.

Ролик танымал баскетболшылар ойнайтын ең ықпалды Drew лигасына арналған. Лос-Анджелестегі Чарльз Дрю баскетбол мектебінің құрметіне Drew League деп аталған. Бұл лиганың алғашқы матчы 1974 жылы өтті.

Лиганың басты мақсаты – кәсіпқой, студенттік не мектеп баскетболында жетістікке жеткен спортшыларды аз уақытқа болсын үйлеріне оралып, жастармен араластыру. 1985 жылы лигадағы командалардың саны 10-ға жетсе, қазіргі уақытта 28 ұжым өнер көрсетеді. Бір ерекшелігі барлық командалар тек шақырту арқылы келіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер