Басқа

ҚР ІІМ: Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер табылмай жатыр

ҚР ІІМ: Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер табылмай жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан альпинистері Тянь-Шань тауында жоғалған әріптестерін іздеп жатыр. Бірақ, әзірше еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі сағат 09-30- ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-171 борты «Оңтүстік Инылчек» базасына жеткен.

«Бір жарым сағат бойы (сағат 10-00-ден 11-30-ға дейін) альпинистер мен жоғалғандардың туыстары мінген борт тепловизор көмегімен 5 200-6 400 метр биіктікте іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Іздеу зардап шеккен альпинистердің болуы мүмкін ауданда жүргізілді. Қазіргі уақытта еш нәтиже жоқ», - деді комитеттен.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер