Қазақстандық құзға өрмелеуші Олимпиада нормативін орындады

Қазақстандық құзға өрмелеуші Олимпиада нормативін орындады

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Ришат Хайбуллин 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

<span>Финалға жолдама алған жеті спортшы Олимпиада нормативін орындады. Ал бір лицензия автоматты түрде олимпиада қожайыны саналатын Жапония спортшысына беріледі.  </span>

<span>Әлем чемпионатының көпсайыс финалына төрт жапондық спортшы өтті. Бұл Ришат Хайбуллиннің Олимпиада нормативін орындағанын растайды. Өйткені, бір елден екі спортшы ғана 2020 жылғы Олимпиадаға қатыса алады.</span>

<span>Айта кетелік, спорттық құзға өрмелеуден Токиода алғаш рет Олимпиада жүлдесі таратылады. 2016 жылы өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің Сессиясында аталған спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енді.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или