Қатерлі ісікке шалдыққан бокс бапкеріне шұғыл түрде көмек қажет
Бокс жаттықтырушысы Арафат Қазбекке соңғы cатыдағы қатерлі ісік диагнозы қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында спортшының досы Алтай Даумов хабарлады.
— Өмір бойы бокспен айналысып жүрген жас әрі мықты жігіттен қатерлі дерттің соңғы сатасы табылады деп кім ойлаған? Мен де сенбедім. Шынымды айтсам әлі де сенгім келмейді. Дәрігерлердің анализінен кейін енді Арафатқа ең маңызды айқас - өмір үшін күресуге тура келеді, - деді ол.
Сырқатсыз-ақ, себептер көп болса да, Арафаттың бірде-бір рет нашар көңіл күйде жүргені есімде жоқ. Бұндай мықты адамдар әдетте барлық қиындықты жеңіп шығады, - деді Даумов.
Спортшының досы Арафаттың еміне 50 мың доллар қажет екенін алға тартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или