Брифинг
Қайырлы күн, БАҚ өкілдері және студиямыздың құрметті қонақтары! Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына қош келдіңіздер! Бүгін алаңымызға алғаш рет Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы келіп отыр. Күн тәртібінде бұқаралық спорттың даму мәселесі тұр. Бұл туралы толыққанды ақпарат пен министр ханыммен бірге спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев мырза айтып береді.
Алғашқы сөз кезегі Ақтоты Рахметоллақызында:
— Қайырлы күн, құрметті журналистер, барша БАҚ өкілдері! Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті брифингіне қош келдіңіздер. Бүгін біз бұқаралық спортты дамыту бойынша министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Елбасы өзінің «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасының атуы» атты Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, сонымен қатар, кем дегенде жүз дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз ету бойынша міндет қойды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да спортты дамыта отырып, ел рухын көтеру, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолындағы үлесі айтылғанболатын. Біз бүгінгі таңда отандастырмыздың жүйелі дене шынықтыруы және спортпен қамту бағытына басымдылық беріп отырмыз. Осы мақсатта елімізде 38 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеуде. Оның 27 мыңнан астамы спорт мектептерін қоса алғанда білім беру нысаны болса, 11 мыңы дене шынықтыру спорттық бағыттағы нысанға жатады.
Ведомстволық деректер бойынша, бүгінгі таңда бес жарым миллион қазақстандық спортпен жүйелі түрде айналысады. Осы ретте мен өткізілген бұқаралық спорттық іс-шараладың маңыздылығын атап өткім келеді. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Республика бойынша 2 миллион 700 мың адамды қамтыған 27 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізілді. Оның ішінде 16 мыңнан астам спорттық іс-шара ауылды жерлерде ұйымдастырылды. Халық арасында бұқаралық спортты дамыту және кеңінен нәсихаттау үшін спортқа деген қызығушылықты ерте жастан бастап оятудың қажеттілігін атап өтеміз. Сондықтан балалар, жасөспірімдер спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оның ішінде жастар арасында танымал ойындар волейбол, баскетбол және мини футбол секілді спорт түрлері бар. Дәл осы спорт түрлері бойынша мектеп лигалары шеңберінде түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған статистикасына сәйкес, мектеп жасындағы оқушылардың қатарында 1 млн 800 мың бала дене шынықтыру және спортпен қамтылған. Бұл дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатындардың 30-40%-ын құрайды. Мектептерді спорт залмен қамтамасыз етудің жоғары пайыздық көрсеткіштері Алматы қаласында, Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қарағанды облыстарында байқалады.
Бұл мәселелерді шешуді мектептен тыс спорттық шараларды да кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, әрбір мектепте спорттық клубтар мен спорт түрлері бойынша арнайы сыныптар құру қажеттілігі болып отыр. Білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру мұғалімдерін тарту мүмкіндіктерін кеңейту керек. Мектеп спорт күнтізбесін жасақтап, шығыны аз және балалардың арасында кеңінен танылған спорт түрлерінен мектепішілік жарыстар, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық финал қағидасы бойынша мектеп лигаларын ұйымдастыру қажет деп есептейміз.
Бұқаралық спортты кеңінен нәсихаттауға бағытталған дәстүрлі «Былғары доп», «Қыран» лигалары турнирлерін өткізу бойынша жобалар көптің көңілінен шықты. Бұл жобаларға жыл сайын еліміздің түрлі аймақтарынан 40 мыңнан астам оқушы қатысып келеді. Мектеп оқушылары арасында спортты дамытуға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кәсіпкерлер де белсенді демеушілік көрсетіп келеді. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақмыс» акционерлік қоғамы бастамашылық танытып Жезқазған, Сәтпаев қалаларында спорт инфрақұрлымдарын салу және күрделі жөндеу, спорттық құрал-жабдықтар сатып алу арқылы Сәтпаев кеншілердің балаларын спортқа баулуға бағытталған «Намыс» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Әсіресе, шалғай елдімекендерге қол үшін созу басты назарда болып келеді.
Әуесқойлықтан кәсіби спорт әлеміне жол салатын студенттік спортқа, оған қажетті инфрақұрлымды жақсартуға және бапкерлерді қолдауға аса мән берудеміз. Өйткені кешегі мектеп оқушыларының үлкен өмірге енулеріне мүмкіндік беретін салауатты сара жол осы спорттан басталады. Халықаралық тәжірибелерге сүйенетін болсақ, спорттық стадиондарға Олимпиадалардың жаңа жұлдыздары мен жанкүйерлердің кумирлері осы университеттік командалардан шықаннын білеміз. Білім және ғылым министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде еліздегі 131 жоғары оқу орнында 113 спорт клубы мен 2 мыңға жуық спорт секциялары ашылды. Оларда 177 мың студент спортпен айналысып келеді. Сондай-ақ, 772 колледжеде 268 мыңнан астам студент спортпен шұғылданып келеді.
Сондай-ақ, министрлік Білім және ғылым министрлігімен, қала әкімдігімен бірлесіп, алдағы «еріктілер жылына» арналған бірнеше жобаларды пысықтап келеді. Оның ішінде «жас аула» жобасын айта кетуге болады. Бұл жоспардың нәтижесінде бағдарлама негізінде көше клубтары желісін көбейтуді ұсынып отыр. «Жас аула» бұл жастардың физикалық ғана емес ақыл-ойын жетілдіру, мәдениет, спорт, білім саласындағы біліктіліктерін арттыру жобасы. Бұл жерде аз қамтылған отбасылардың балалары демеушілердің арқасында «жас аулада» тегін оқи алады. Осы бағдарламаға волонтерларды тарту көдеріп отыр. Білім және ғылым министрлігімен бірге бүгінгі күнде жобаны іске асыруды пысықтап жатырмыз.
Ұлттық студенттер лигасы да кеңінен қанат жайып, студент жастар арасында танымал ұйымға айналып отыр. Қазақстанның футзалдағы жетістігі халықаралық аренада жоғары деңгейге көтеріліп отыр. Тек өткен жылы ғана футзалдан ұлттық студенттер лигасының аймақтық және ақтық кезеңіне 114 жоғары оқу орындарынан 72 студенттік команда қатысты. Жастар арасында салауатты өмір салтын нәсихаттау мақсатында Республиканың ірі спорт нысандарында студенттер үшін жүзу бассейндері мен спорт залдарында 30-50%-ға дейін жеңілдік жүйесі қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өткен жылы 462 381 балаға спорт түрлерімен айналысуға тегін абоненттер ұсынылған. Оның ішінде 185 301-і аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. 237 545 бала көпбалалы отбасылардын шыққан балалар. Отыз мыңдайы ата-анасыз қалған балалар. Он мыңнан астамы ерекше қажеттілікті талап ететін балалар.
Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдіктер заң бойынша қарастырылғанын өздеріңіз білесіздер. Бірінші және екінші топтағылар, мемлекеттік спорт нысандарына тегін, ал үшінші топтағылар 50 пайыз жеңілдікпен бара алады. Параолимпиадалық қозғалысты дамыту мақсатында өздеріңіз білесіздер, Елбасының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында паралимпиядалық жаттығу орталығы ашылды. Өздеріңізге белгілі биылғы жыл елімізде «жастар жылы» болып жарияланды. Осыған орай жастардың патриоттық сезімін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында еліміздің Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау қалаларында және тағы Республикамыздың басқа да қалаларында 30 тамыздан бастап, ««Жастар Fest» атты бірегей жоба басталғалы отыр.
Сонымен қатар, брифинг барысында биыл жыл соңына дейін көптеген ауқымды спорт шаралары өтетіні айтылды. Олардың қатарында қыркүйек айында 4 жылда бір рет өтетін ұлттық спорт түрлері фестивалі, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен лицензиялық әлем чемпионаты және стендтен атудан 9-шы Азия чемпионаты, конькимен сырғанаудан Әлем кубогы, дзюдодан Азияның ашық кубогы, «Әлем Барысы» жарыстары бар.
Спортты дамытудың тағы бір түйіні - инфрақұрылымды дамыту. Осы мақсатта мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес спорттық нысандарға, жоғары қажеттілік нысандарға 100 шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды қолға алынуда. Осы орайда министрлік жергілікті әкімдікдермен бірге 2019 жылы салынатын жобалар тізімін нақтылап отыр. Биыл 22 шынықтыру-сауықтыру кешені, 2020 жылы 34, 2021 жылы 44 нысан салынады деп жоспарлап отыр. Аймақтарда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 100, 160 және 320 орындық типтік нысандар қарастырылған екен. Бұл жұмыстар Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің басшылығындағы спорт комитеті белсенді жұмыс жүргізетін болады.
Брифинг барысында айтылған тағы бір маңызды мәселе: Жапония астанасы Токиода өтетін 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына бір жылдан аз уақыт қалды. Олимпиада белсенді дайындық жүріп жатыр. Осы жыл көлемінде ұлттық құрамалар 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және 12 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысуды жоспарлап отыр. Онда олар Олимпиада ойындарына қатысу квоталарын ойнатуда. 2020 жылы 3 әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу жарыстарына қатысу жоспарда бар. Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін 50-ден астам әлем Кубоктарына қатысып, олардың нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады.
Ал 2020 жылы спортшыларымыз 3 Әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу турниріне қатысады. Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін 50-ден астам әлем кубоктарына қатысып, олардың нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады.
Журналист сұрағына жауап берген Серік Сәпиев дәстүрлі Сейдахмет Бердікқұлов атындағы Спартакиада биыл да өтетінін айтты. Журналистер арасындағы аталған спорттық шара алғаш рет 2011 жылы өткен. Одан кейін әр 4 жыл сайын өтіп тұрады деп бекітілген. 2015 жылы Орал қаласында өткен. Енді биыл, 2019 жылы да осы спорттық шара өз жалғасын табатын болады. Айта кетерлгі, Спартакиада шағын футбол ғана емес, 9 спорт түріннен жарыстар өтеді.
- Президент Әкімшілігінен бізге тапсырма түсті. Біз жоспарлап жатырмыз: журналистер арасында Спартакиада өткізу. Бюджеттен қаражат қарастырып жатырмыз, - деді Серік Сәпиев.