Бокстан әлем чемпионатына 488 боксшы қатысады
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатындар саны рекордтық көрсеткіштерге жетті, деп жазады Prosports.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресей бокс федерациясының хабарлауынша турнирге 91 елдің 488 боксшысы тіркелген. Бұл рекордтық көрсеткіш саналады. ХХ мерейтойлы әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласында орналасқан «Екатеринбург-ЭКСПО» аренасында өтпек. Турнир бірінші рет 8 олимпиадалық салмақта өткізілуі тиіс. 8-қыркүйек күні ресми жеребе тартылса, 20-қыркүйек жартылай финалдық бәсекелер, ал 21-2қыркүйек – соңғы күні финалдық кездесулер өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или