Андре Шюррле: Бір күні Қазақстанға барармын
Мәскеулік «Спартактың» шабуылшысы Андре Шюррле «КраСава» YouTube-арнасына берген сұқбатында Қазақстанға көшу туралы пікір білдірді.
- Андре, сенің жарың Қазақстанның тумасы. Саған осында келмей тұрып Ресей жайлы айтты ма?
- Көп емес. Ол өзі Ресейде санаулы мәрте болған, ал оның әке-шешесі ұзақ уақыт Қазақстанда тұрған. Тағамдары туралы білемін. Жұбайымның анасы кейде орыс тағамдарын жасайды. Өте дәмді.
- Футболшылар әйелдерінің туған жеріне көшетін жайттар көп болады. Бір күні сен де Қазақстанға көшіп, жергілікті чемпионатта доп тебуің мүмкін бе?
- Олай ойламаймын. Ресейде бәрі ұнайды. Мүмкін бір күні Қазақстанға барып, жұбайымның туған жерін көріп қайтармын. Бірақ футбол ойнамайтыным анық.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или