Еділ Қожамбердиев титулдық жекпе-жегіне дайындалып жатыр
Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (8-2, 8КО) кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті.
32 жастағы боксшы Алматы қаласындағы Almaty Fight Academy жаттығу залында дайындығын пысықтап жатыр. Ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшымыз 29 қыркүйек күні жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Айқастың қай жерде және кімге қарсы өтетіні әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Еділ Қожамбердиев соңғы жекпе-жекте украиналық Шухрат Курбановты нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или