«Канело» 2 қазанда MGM Grand кешенінде жекпе-жек өткізеді
Golden Boy промоутерлік компаниясы мексикалық боксшы Сауль Альварестің қашан және қай жерде жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
ESPN мәліметі бойынша, <span>«Канело» шаршы алаңға 2 қазан күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand кешенінде қайтып оралады. Қарсыласы жекпе-жекке бір ай қалғанда белгілі болады.</span>
<span>Сауль Альварестің өзі 24 тамыз күні Челябинскте өтетін Сергей Ковалев - Энтони Ярд жекпе-жегінің нәтижесін күтпек. Ресейлік боксшы сенімді жеңіске жетсе «Канеломен» жекпе-жек өткізуі ықтимал.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, Альварес соңғы жекпе-жегін 4 мамыр күні Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или