Қазақстандық WBC чемпионы Фьюримен бір кеште жұдырықтасады
Жеңіл салмақта жастар арасындағы WBC Inter-Continental белбеуінің иегері Искандер Харсанның (6-0, 5 КО) жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
22 жастағы қазақстандық боксшы 14 қыркүйек күні америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри (28-0-1, 20 КО) мен швециялық Отто Валлина (20-0, 13 КО) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 24 наурыз күні Алматы қаласында Джаб Мемишвилиге қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или