Басқа

AVANGAR әлемдік рейтингіде жоғарылады

AVANGAR әлемдік рейтингіде жоғарылады
news-banner7
mobile-news-top

CS:GO ойынынан әлемдік рейтинг жаңарды. Қазақстандық AVANGAR киберспорт ұжымы үздік 30 команданың қатарындағы орнын сақтап қалды.

Алғашқы үштікте өзгеріс болды. Көш басында 1000 ұпай жинаған Astralis жайғасса, Team Liquid екінші сатыда қалды. Ал ENCE командасы бір сатыға көтеріліп, Na`Vi ұжымын үздіктер қатарынан шығарып тастады. Ал қазақстандық AVANGAR командасы 4 сатыға жоғарылап, 26-орынға тұрақтады.

Бұған дейін AVANGAR командасы Ресейде өтіп жатқан BLAST Pro Series: Moscow 2019: CIS Qualifier турнирінің play-in кезеңіне өтті. Іріктеу кезеңінің соңында қазақстандық ұжым жергілік Winstrike командасын ұтып, гранд-финалға екінші болып жолдама алды. Қос команданың арасындағы кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Енді жабық play-in кезеңінде AVANGAR жақында өткен CIS Minor Championship - Berlin 2019 турнирінің жеңімпазы ForZe командасымен күш сынасады.

Қорытынды ойындар 13 қыркүйек күні Мәскеудегі "ВТБ Арена" спорт кешенінде өтеді. Әзірге финалдық кезеңде MIBR, Ninjas In Pyjamas және Natus Vincere командаларының бақ сынайтыны белгілі. Жарыстың жүлде қоры 250 АҚШ долларын құрайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер