Жанкүйерлер асыға күтетін үздік қарымта жекпе-жектер
Аll of the Belts бокс жайында жазатын танымал Twitter парақшасы жұрт асыға күтетін алдағы жекпе-жектердің үздік бестігін жариялады.
Тізімге реванштармен қатар трилогиялар да кірді. Олардың қатарында, әрине, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі бар. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді, алайда келесі жылдың мамыр айында өтуі мүмкін.
Сондай-ақ, көп күтілетін жекпе-жектердің ТОП-6 төмендегідей:
Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо II
Сауль Альварес — Флойд Мэйвезер II
Энтони Джошуа — Диллиан Уайт II
Билли Джо Сондерс — Крис Юбэнк II
Лео Санта Крус — Карл Фрэмптон III
Геннадий Головкин — Сауль Альварес III
Еске салайық, боксшылардың алғашқы айқасы тараптардың тең түсуімен аяқталған еді, ал екінші кездесуде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңімпаз атанды.