Басқа

Алина Әділханова әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Алина Әділханова әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

16-18 тамыз аралығында Минск қаласында (Беларусь) көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан 2018 жылғы Азиада чемпионы Алина Әділханова қатысады.

Маусым басында жарақат алып қалған Әділханова ұзақ уақыт бойы емделіп, ірі жарыстарға қатыспаған болатын. Алина биылғы Азия чемпионатынан да шет қалды. Енді ол Минскідегі додада өнер көрсетеді.

Әділхановадан бөлек, төмендегі спортшылар кубоктік додада бақ сынайды: Адиля Тілекенова (жекелей сын), Джессика Будник, Регина Султанова, Даяна Жакупова, Жанерке Дәулетқұлова, Сағина Мұратқызы, Дария Шарафиденова (топтық жаттығу).

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер