Джошуа мен Руис қарымта жекпе-жектің келісімшартына қол қойды
Жақында ауыр салмақта WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуін Энтони Джошуадан тартып алған Энди Руис қарымта жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- Екі боксшы жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды. Барлық ұйымдар құлақтандырылды. Меніңще, бұл жылдың үздік айқасы болады, - деп келтіреді Эдди Хирннің сөзін BoxingScene басылымы.
Айта кетейік, Руис пен Джошуаның арасындағы қарымда жекпе-жек 7 желтоқсан күні Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд қаласында өтеді. Алғашқы кездесуде Руис қарсыласын 7 раундта нокаутқа түсіріп, төрт бірдей тұжырымның белбеуін жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или