Қазақстандық теннисші қыз Premier 5 Western & Southern Open іріктеу турнирінің финалына шықты
Зарина Дияс Цинциннатидегі (АҚШ) Premier 5 Western & Southern Open турнирі іріктеу қоржынының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченкованы екі сетте жеңді– 6:1, 7:6 (5). 1 сағат 21 минутқа созылған ойында Зарина төрт брейк жасаса, қарсыласы екі брейкпен ғана жауап қата алды.
Турнирдің негізгі бөліміне өту үшін Зарина Дияс әлемнің 55-ші ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен кездесу өткізеді.
<h1> </h1>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или