Пакьяо Мейвезермен қайта кездескісі келеді
Жартылай орта салмақта WBA Super чемпионы Мэнни Пакьяоның менеджері Шон Гиббонс филиппиндік боксшының кіммен реванш өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Кит Турманмен қайта кездесу ме? Жоқ, бұл жекпе-жекте дәлелтейтін ештеңе қалмаған секілді. Ойын аяқталды. Джефф Хорн ба? Ол да қайтпайтын жігіт. Біз Флойд Мейвезермен кездескіміз келеді», - деді функционер.
Пакьяо өзінің соңғы жекпе-жегінде Турманды жеңіп, WBA Super титулын иеленген еді.
Ал Пакьяо – Мейвезер жекпе-жегі 2015 жылы өткен. Сол кезде америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или