Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті 3 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда прокурор Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің айнасын ұрлаған күдіктіні 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс №2 Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Күдікті Айдос Уәлиев ҚР ҚК 188-бабы бойынша жауап беріп жатыр.
Жәбірленушілер белгілі Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен Алматы тұрғыны Қуанов Рауанбек. Сотталушы екеуінің көлігінен айналарын ұрлап кеткен.
Еске салсақ, алдыңғы сот отырысында сотталушы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толығымен өтеген болатын.
«Барлық дәлелдер заңды түрде жиналды. Күдікті Айдос Уәлиев ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі орында өтесін», - деді мемлекеттік айыптаушы - прокурор Арман Оразбақов.
Ал Айдос Уәлиев соңғы сөзінде жылап жіберді.
«Мен айыбымды мойындаймын. Қылмыс жасағаныма өкінемін. Мен түрмеде отырып намаз оқи бастадым, тәубама келдім. Маған соңғы рет мүмкіндік берулеріңізді сұраймын. Мен өзгеремін. Отбасын құрып, бала сүйгім келеді. Мені қамамаңыздар»,- деді сотталушы.
Еске сала кетейік, оқиға 1 сәуірде болған. Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің Toyota Land Cruiser көлігінің айнасын біреулер ұрлап кеткен болатын.
Осыдан бір жыл бұрын сол жерде көліктің айнасын ұрлағандар мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.