Жасөспірімдеріміз Азия чемпионатында 10 жүлде алды
Кувейтте жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сейтенов Батырхан мен 70 келіде Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанды. Виктор Литвинов (61 келі) болса күмісті қанжығалады.
Қола жүлдегерлер: Байпақов Дамир (37 келі), Сейілхан Әмір (40 келі), Анарбаев Бақтияр (43 келі), Нұржігіт Дархан, Молдаш Сұлтан (49 келі), Абдолда Жасұлан (55 келі), Ерсұлтанов Жандос (64 келі).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша жалпы есепте екінші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или