Денис Ұланов 89 келіге дейін салмақта ел чемпионы атанды

Денис Ұланов 89 келіге дейін салмақта ел чемпионы атанды

<span>Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды </span>Prosports.kz сайты.

2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Ұланов 89 келіге дейін салмақта чемпион атанды. Ұланов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 332 (150 +182) келі жинады.

Екінші орынды жеңімпаздан бір кг қалып қойған Нұрғиса Әділетұлы иеленді. Ол жалпы есепте 331 (150+181) келіні бағындырды.

Қола жүлде тағы бір алматылық Сұлтан Мейрамға (290 кг) бұйырды.

Айта кетейік, Талдыұорғанда ауыр атлетикадан ел спартакиадасы өтуде.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или