Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні анықталды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) кәсіпқой деңгейдегі кезекті жекпе-жегін күздің алғашқы айында өткізеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
<span>Рио Олимпиадасының 28 жастағы чемпионы келесі кездесуін қашан өткізетіні жөніндегі жаңалықты оның менеджері Зия Әлиев мәлім етті. </span>
<span>«Данияр 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden-нің кіші аренасында жекпе-жекке шығады. Девин Хэйни мен Заур Абдуллаевтың айқасы кештің басты оқиғасы болмақ», - деді Зия Әлиев. </span>
<span>Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 27 шілдеде АҚШ-тағы Техас штатына қарасты Арлингтон аймағында орналасқан College Park Center аренасында рингке шығуы керек болған еді. Алайда, жекпе-жек қазақстандық боксшының қатты суық тигізіп алуына байланысты өтпей қалды.</span>