Жеңілмеген қазақстандық боксшы Ковалевтің андеркардында жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 24 тамызда ресейлік Челябинскіде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Отандасымыз рингке Сергей Ковалев – Энтони Ярд жекпе-жегінің андеркардында шығады. Қарсыласы ресейлік Артур Осипов (15-1, 10КО) болмақ. Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Естеріңізге салсақ, жақында Мейірім Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақ бойынша рейтингінде ТОП-10 қатарына енген болатын.
Айта кетейік, Нұрсұлтан соңғы жекпе-жегін 24 наурызда Лос-Анджелесте өткізіп, пуэрторикалық Луис Эрнандесті төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или