Бейбіт Шүменов IBF рейтингінен шығып қалды

Бейбіт Шүменов IBF рейтингінен шығып қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аса ауыр салмақта Иван Дычко 59-шы сатыдан 57-ші орынға көтерілсе, Жан Кособуцкий үздік 100-тен шығып қалды.

Нұрзат Сабыров екінші орта салмақта 2 саты төмендеп, 31-ші орынға тұрақтады. Айдос Ербосынұлы да 2 орын төмен жылжып, 36-шы сатыға жайғасты. Али Ахмедов болса 46-шы орында тұр.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Әли Балоев 82-ші орынға жоғарылады. Ал 38-ші сатыда тұрған Бейбіт Шүменов рейтингіден шығып қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) орта салмақтағы боксшылардың алғашқы ондығына енді - ол 11-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Ал Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр. Бұл тізімде көшбасшы украиндық Сергей Деревянченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или