Иван Дычко: Джошуамен қуана-қуана жұдырықтасамын
Қазақстандық боксшы Иван Дычко el Nuevo Herald басылымына берген сұқбатында ұлыбританиялық Энтони Джошуамен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.
- Олимпиадада Энтони Джошуадан төрешілердің шешімімен жеңіліп қалдың. Кәсіпқой бокста оны жеңе аласың ба?
- Бұл жекпе-жек үшін тыңғылықты дайындалуым қажет. Онымен қуана-қуана жұдырықтасар едім. Джошуаның Энди Руистан ұтылып қалатынын күтпедім. Бірақ бұл бокс, - деді Дычко.
Айта кетейік, Дычко соңғы жекпе-жегінде америкалық Нэйт Хэвенмен (9-2, 7 КО) кездесіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или