«Хабиб – мен жаттықтырған спортшылардың ең үздігі»

«Хабиб – мен жаттықтырған спортшылардың ең үздігі»

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің жаттықтырушысы Хавьер Мендес оның мінезі туралы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Хавьер Мендес ресейлік спортшының неге ызалы жүретінін түсіндірді:

- Хабиб – мен жаттықтырған спортшылардың ең үздігі. Дэниел Кормье – екінші. Хабибтің қылығы үшін кешірім сұраймын. Бірақ ол алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатыр. Мұндай жағдай болып тұрады. Кезінде спортшы болғанымда мені де жанкүйерлерім ызаланып жүреді деп ойлайтын. Бір жағынан, Дэниел Кормье – еш өзгермейді. Дегенмен менің қол астымда жаттыққан кез келген спортшы 5-6 айдан соң өзгеріп шыға келеді, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьемен жұдырықтасады. Қазір ресейлік спортшы Хавьер Мендестің қол астында АКА залында жаттығып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или