«Жеңіліс дәмін татпаған қазақ». Аустралиялықтар қазақ боксшысына таңданысын жасырмады

«Жеңіліс дәмін татпаған қазақ». Аустралиялықтар қазақ боксшысына таңданысын жасырмады

Аустралияның Aus-Boxing басылымы екінші орта салмақта WBC Asia, WBO Global және WBA International белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлына таңданысын жасырмады, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Бұған дейін Айдос Ербосынұлы секілді кейіпкерді кездестірмедік. Жеңіліс дәмін татпаған қазақ 14 тамыз күні No Limit Boxing кешінде Рокки Джеркичпен жұдырықтасады, - деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні Айдос Ербосынұлы Аустралияның Сидней қаласындағы ICC Exhibition Centre кешенінде өтетін бокс кешінде Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или