Жәнібек Әлімханұлы әйгілі бапкер Роучтың шәкіртін жойқын соққысымен құлатты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) әлемге әйгілі бапкер Фредди Роучтың шәкіртімен спарринг өтізіп, жойқын соққысымен құлатты.
«Роучтың залына спарринг жасауға бардық. 4 раундта Жәнібектің сол қолы қарсыласынa тигенде де жаман тиді. Құлады. Бірден бұрышта тұрған Роучқа қарадым. Құлаған соның боксшысы ғой. Басын шайқады.
Осылайша 8 раундқа жоспарланған спарринг 6 раундта аяқталды. Жаттығу аяқталған соң Роуч келіп Жәнібектің рингтегі қимылына, соққыларына, қорғанысына риза болғанын айтып сәттілік тіледі.
Мықты маман ғой. Не кеңес айтасыз дедім. Бір тәсіл үйретейін деп, қарсыластың хугынан кетудің ерекше тәсілін үйретті. Шыңдалып жатырмыз. QAZAQ STYLE мықты, Аллаға шүкір! 17 тамыз жекпе-жек! Қарсылас тәжірибелі. Дайынбыз, бұйыртса!», - деп жазды боксшының PR менеджері Берік Сұлтан Instagram парақшасында.
WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 17 тамыз күні Лос-Анджелесте шаршы алаңға шығады. Қарсыласы канадалық боксшы Стюард Макклелан (27-3-3, 11КО) болмақ.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.