Қазақстандық Паралимпиада жалаугері допингпен ұсталды

Қазақстандық Паралимпиада жалаугері допингпен ұсталды

26-жастағы қазақстандық паражүзуші Әнуар Ахметов тыйым салынған препаратты қолданғаны үшін спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спортшының қан сынамасынан туаминогептан - демалуды бәсеңдететін дәрумен табылған. Ахметов тыйым салынған препаратты абайсызда қолданғанын дәлелдегеннен соң оның жаза мерзімі 9 айға қысқартылды. Ол 2019 жылдың 24 ақпанынан бастап ешқандай жарыстарға қатыса алмайды.

Әнуар Ахметов допингпен Паразиада ойындарында бес мәрте топ жарып, Қазақстанның үздік параспортшысы атанған. Оның биыл Аустралияда өткен әлем Кубогында тапсырған қан сынамасы допинг тексерістен өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или