AS: Гарет Бэйл «Баварияға» ауысуы мүмкін
Мадридтік «Реал» форварды Гарет Бэйлді «Бавария» жалға алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
AS порталының мәлімдеуінше, футболшы неміс клубы өзін жалға алуға келіссе, 2 қыркүйекке дейін ауысады.
Корольдік клуб Бэйлді 130 млн еуроға бағалап,<span> </span>сатпақшы болған.
<span>Гарет корольдік клубқа «Тоттенхэмнан» 100 млн еуроға ауысқан болатын. </span>Валлийлік ойыншының корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.
Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или