Boxingnews24.com порталының журналисі Сауль Альварестің не ойлап жүргенін айтты
Boxingnews24.com порталының журналисі Дэн Амброзе мексикалық Сауль Альварестің IBF белбеуінен айырылғанынан не ұтатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Канело» Деревянченкомен сәтсіз келіссөздері салдарынан оны белдігінен айыру туралы IBF тұжырымының шешіміне риза емес. Бірақ бұл мексикалық үлкен проблема емес. Бәлкім Альварес Демитриус Андрадеге ұсыныс тастап, WBO белбеуі үшін кездеседі. Егер Сауль оны жеңсе, ол Деревянченко-Головкин жекпе-жегінің жеңімпазынан белбеуді алу үшін әрқашан қайтып келе алады. Бұл жекпе-жекте төрт орташа салмақ белдеуі тұр.
Қорытындылай келе, «Канело» аса маңызды жекпе-жекке қол жеткізе алады, ол бәрібір Головкинмен жұдырықтасатынын айтқым келеді. «Канело» Головкиннің титулы бар болуын қалайды және қазақстандық дәл солай болғанын ойлайды. Бұл Альвареске өте тиімді. Деревянченкомен белбеуін қорғаудан гөрі, төрт белбеу үшін жекпе-жекке шығу оған өте тиімді» - деп жазды Дэн.