Кикбоксингтен әлем чемпиондары суға кетіп қайтыс болды
4 тамызда Севастополда Фатима Жагупова (кикбоксингтен әлем чемпионы) мен Элина Гисмеева (кикбоксингтен әлем вице-чемпионы) дауыл кезінде суға батып кетті, деп Prosports.kz сайты.
Қайғылы оқиға яхт-клуб аумағында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір қыз пирстен дауылды теңізге секірген, бата бастаған оны екінші қыз құтқаруға бел буған. Осылайша, екеуі де суға батып, көз жұмды.
Айта кетейік, бұл жерде суға шомылуға рұқсат етілмеген, сол себепті де арнайы құтқарушылар жоқ.
Фатима Жагупова 7 жыл қатарынан кикбоксингтен Ресей құрамасында өнер көрсеткен.
Элина Гисмеева де спорт шебері және оның әкесі (Алмаз Гисмеев) кезінде атақты спортшы болған.

Элина Гисмеева
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или