#Abai175: «Астана» ПКСК спортшылары Абай өлеңін қазақша оқыды
Елімізде Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі.
Осы орайда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының спортшылары «Ұлы Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау» эстафетасын қабылдап алды.
Президенттік клубтың Instagram-парақшасында жарияланған роликті «Astana Pro Team» велокомандасының өкілі Алексей Луценко ашып береді. Артынша «Астана» ФК қақпашысы Ненад Эрич Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін қазақша оқып бастайды. Артынша команда шабуылшысы Фирмин Мубеле, «Барыс» ХК хоккейшілері Никита Михайлис, Корбан Найт, Даррен Диц, «Астана» баскетбол клубының өкілдері Александр Жугилин, Асқар Майдекин мен «Астана» ФК атқарушы директоры Пол Эшуорт жалғастырып әкетеді.
Бұл эстафетаны президенттік клуб Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне жолдады.
Айта кетейік, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының спортшылары бұған дейін «Бiрге – таза Қазақстан» жаңа экологиялық акциясына да қатысқан болатын.