Деревянченко Головкинмен болатын жекпе-жекте көп ақша тапқысы келеді

Деревянченко Головкинмен болатын жекпе-жекте көп ақша тапқысы келеді

IBF белбеуіне міндетті үміткер саналатын украиналық Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізер болса, 5,5 миллион АҚШ долларына ие болғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Инсайдер Лэнс Пагмаердің (The Athletic) хабарлауынша,  украиналық боксшы Сауль Альварестің бұдан бұрын ұсынған сомасына тең қаражат тапқысы келді. Тіпті Деревянченко «Канеломен» дәл осы қаржылық мәселелер бойыша келісімге келе алмаған. Сергей 7 миллион доллар табыс табуды қалайды. Айта кетерлігі, украиналықтың сыйақысы бұған дейін 500 мыңнан артық болған емес.  

Деревянченко мен Головкин арасындағы жекпе-жек алдын ала мәліметтерге қарағанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі тиіс

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или