Шаңғышы жеңіл атлетикада топ жарды
Шаңғы жарысынан олимпиада чемпионы, әлемнің 10 дүркін чемпионы Терезе Йохауг жеңіл атлетикадан 10 000 метр қашықтықта жүгіруден Норвегия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.
Жарыс Хамар қаласында өтті. Йохауг 32 минут 20,87 секундта қашықтықты жүгіріп, жеке рекордын орнатты. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионатына (31,50) іріктеу үшін қажетті нормативті орындады.
«Мен мұндай трассада ешқашан жүгірмедім, менің жылдамдық пен өзге де нәрселер жөнінде нақты түсінігім жоқ. Менің нәтижемді өте жақсы деуге болады, ал ең басты жағымды сәт — болашақ старттарда маған көмектесетін осындай тәжірибелерім екені анық. Басында бәрі оңай басталды, өзімді тым жақсы сезіндім, сөйтіп тәуекелге бел байладым. Егер Мен осы жарысқа қобалжи шыққанымда, техникасын түсінер едім. Қазір маған сол жетіспейді», - дейді Йохауг.