Жекпе-жектен кейін көз жұмған ресейлік боксшы жерленді

Жекпе-жектен кейін көз жұмған ресейлік боксшы жерленді

Бүгін, яғни жексенбі күні  Петергоф қаласында ресейлік боксшы Максим Дадашевты жерлеу рәсімі өтті.

Естеріңізде  болса, Дадашев 23 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен жұдырықтасқаннан кейін, 29 жасында көз жұмды.

Боксшының әйелі оның бокс кешінде көңіл-күйінің біртүрлі болғанын және төрешінің әрекетсіздігіне шағымданатынын айтқан еді.

Максим Дадашевқа мұсылманша жаназа шығарылып, Петергофтағы қалалық қабірстанда жерленді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или