Таэквондодан әлем мықтылары елордада бас қосты

Төрткүл дүниенің ең таңдаулы таэквондошылары бүгін Астанада бас қосты, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Олар бүкіләлемдік бәсекенің бас жүлдесін сарапқа салады. Тхэквондоның олимпиадалық нұсқасының бас жүлдесі елімізде тұңғыш рет өткізіліп тұр. Жарысқа 50 елден 200-ден астам спортшы жиналды. Олардың арасында Қазақстан құрамасының 9 мүшесі бар.

Арман Шылманов, мемлекеттік жаттықтырушы:

- Бұл жарыс өте маңызды. Себебі тхэквондо әлеміндегі мықты спортшылар келіп отыр. Жарыста ұтқан спортшыларға ұпай қосылады. Ол олимпиадаға жолдама алуға жәрдемдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или