Атыраулық шахматшы World Open 2019 турнирінде қола жүлде алды

Атыраулық шахматшы World Open 2019 турнирінде қола жүлде алды

Атыраулық шахматшы Серік Кенжеев АҚШ-та өткен World Open 2019 турнирінде үшінші орын иемденді. 

Қазақстанның намысын жалғыз өзі қорғаған Серік 247 қарсыластан озған. 

- Турнирдің ортасында 1,5 ұпай жоғалқаннан кейін, бір мәрте тең ойнасам алғашқы үштіктен түсіп қалатынымды түсіндім. Жинақталып, соңғы 4 партияда жеңіске жеттім - деді Кенжеев. 

Айта кетейік, World Open турнирі әр жылда АҚШ-тың екі қаласы Нью-Йорк пен Филадельфияда өтіп тұрады. Жалпы сыйақы мөлшері 250 000 доллар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или