Басқа

Тамыз айында қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр

news-banner7
mobile-news-top

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті тамыз айында олимпиадалық спорт түрлерінен қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар тізімін жариялады.

«Тамыз айында олимпиадалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері жалғасын табады. Жаздың соңғы айында әлем чемпионаттары мен кубоктік кезеңдер және бірнеше спорт түрінен Қазақстанның жазғы Спартакиадасы өтпек», делінген хабарламада.

Қазақстандық спортшылардың тамыз айындағы жарыс кестесі:

Қазақстанда өтетін жарыстар тізімі:

01-05 тамыз – жағажай волейболынан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Ақтау.

01-10 тамыз – көгалдағы хоккейден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Талдықорған.

02-08 тамыз – академиялық есуден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Теміртау.

02-09 тамыз – велотректен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Нұр-Сұлтан.

03-04 тамыз – таеквондодан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Атырау.

03-10 тамыз – ауыр атлетикадан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Талдықорған.

03-10 тамыз – теннистен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы, Алматы.

06-09 тамыз – қазіргі бессайыстан Қазақстан чемпионаты, Қапшағай.

21-25 тамыз – байдарка мен каноеде есуден Қазақстан кубогы, Алматы.

22-26 тамыз – триатлоннан Қазақстан кубогының финалы, Павлодар.

24-31 тамыз – волейболдан Қазақстан кубогы, Өскемен.

25-30 тамыз – батуттағы гимнастикадан Қазақстан чемпионаты және Қазақстан кубогы, Қарағанды. Шетелде өтетін жарыстар тізімі:

01-04 тамыз – байдарка мен каноеде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, Сегед (Венгрия);

01-05 тамыз – күрес түрлерінен «Poland open» халықаралық турнирі, Варшава (Польша);

4 тамыз – маунтинбайктан халықаралық турнир, Түркия;

10-21 тамыз – спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты, Хатиодзи (Жапония);

13-23 тамыз – стенд атудан лицензиялық әлем кубогы кезең, Лахти (Финляндия);

15-19 тамыз – триатлоннан әлемдік серия, Токио (Жапония);

16-18 тамыз – көркем гимнастикадан әлем кубогы, Минск (Беларусь);

19-23 тамыз – тректегі велоспорттан «Tour d Indonesia» халықаралық турнирі, Индонезия;

21-25 тамыз – байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты, Сегед (Венгрия);

23-25 тамыз – таеквондодан World Cup team Championships халықаралық турнирі, Уси (Қытай);

24 тамыз-1 қыркүйек – академиялық есуден әлем чемпионаты, Линц (Австрия);

25 тамыз-1 қыркүйек – дзюдодан әлем чемпионаты, Токио (Жапония);

26 тамыз – 3 қыркүйек – нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогы, Рио-де-Жанейро (Бразилия);

29 тамыз - 2 қыркүйек – триатлоннан әлем чемпионаты, Лозанна (Швейцария);

30 тамыз – 1 қыркүйек – көркем гимнастикадан әлем кубогы, Қазан (Ресей).

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер