Олимпиада ойындарындағы бокстан жарыс күнтізбесі бекітілді
2020 жылғы Токио Олимпиадасының Ұйымдастыру комитеті бокстан өтетін жарыстың күнтізбесін жасады.
Боксшылар 25 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында Kokugikan Arena кешенінде күш сынасады.
Алғашқы күндері ерлер жартылай орта, жартылай ауыр және аса ауыр салмақта, қыздар жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасады. Жартылай орта және орта салмақтағы қыздар ринге 26 шілде күні шығады. Ал бокс жарысының соңғы күні Олимпиаданың аяқталуына сәйкес келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или