Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін
Беделді Boxingscene.com басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- Маған Мурата Бранттан кегін алғаннан соң «микске» қайтып оралуы мүмкін деп хабар жетті. Бұл жекпе-жек DAZN үшін де, Жапония үшін де ауқымды кеш, - деп жазды Boxingscene.com басылымының журналисі Кит Айдек.
Риота Мурата орта салмақта WBA «тұрақты» әлем чемпионы белбеуінің иегері.
Айта кетейік, бұған дейін британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі күзде өтетінін мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или