Ресми: 31 тамызда Поветкин мен Фьюри шаршы алаңда кездеседі

Ресми: 31 тамызда Поветкин мен Фьюри шаршы алаңда кездеседі

Бүгін Лондонда 39 жасар ресейлік ауыр салмақтағы Александр Поветкин мен 24 жасар ауыр салмақтағы WBO титулының бұрынғы ізденушісі Хьюи Фьюридің арасындағы жекпе-жек ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек 31 Тамызда Василий Ломаченко мен Люк Кэмпбелл арасындағы жеңіл салмақта WBC, WBA және WBO титулдарына арналған жекпе-жек аясында өтеді.

«Мен тек үздік спортшылармен кездескім келеді және ешқашан жекпе-жектен жалтарған жоқпын, - деп мәлімдеді Фьюри баспасөз конференциясында. – Поветкиннің барлық ұсынысына өз жауабым бар".

Поветкинге қарсы жекпе-жек жақында ғана келісімшартқа отырған Хьюи Фьюри үшін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы аясындағы алғашқы кездесу болмақ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или