Головкин PFP рейтингінде Пакьяодан төмендеп қалды
Беделді Yahoo! Sports басылымының сарапшысы Кевин Айоле салмақ санатынан тыс үздіктердің рейтингін түзді.

Көшті америкалық боксшы Теренс Кроуфорд бастады. Екінші сатыға тағы бір америкалық Эррол Спенс жайғасқан. Үздік үштікті украиналық Василий Ломаченко түйіндеді. Ал қазақстандық Геннадий Головкин бір саты төмен сырғып, 8-ші орынға тұрақтады.
Үздік 10 боксшы:

1. Теренс Кроуфорд (35-0, 26 KO)
2. Эррол Спенс (25-0, 21 KO)
3. Василий Ломаченко (13-1, 10 KO)
4. Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 KO)
5. Наоя Иноуэ (18-0, 16 KO)
6. Александр Усик (16-0, 12 KO)
7. Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО)
8. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО)
9. Реджис Прогрейс (24-0, 20 KO)
10. Хосе Рамирес (25-0, 17 КО).