Головкиннің бұрынғы қарсыласы күзде шаршы алаңға оралады

Головкиннің бұрынғы қарсыласы күзде шаршы алаңға оралады

Орта салмақтағы IBF бұрынғы чемпионы Давид Лемье қыркүйек айында шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр.

Денсаулығың сыр береуіне байланысты бір жыл үлкен спорттан қол үзіп қалған боксшы жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр.

- Мен нағыз бабымдамын. Өзімді дәл қазіргідей сезінбегелі біраз уақыт өтті. Қыркүйекте өтетін келесі жекпе-жегімді асыға күтудемін. Жанкүйерлерім менің керемет жекпе-жегімді көру үшін тыңғылықты дайындалып жатырмын. Орта салмақ - ең мықты әрі белсенді санат. Менің мақсатым - «Канеломен» кездесіп, оны жеңу, - дейді Лемье.

Күзде қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или