Батыр Жүкембаев: Қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) бұрынғы әлем чемпионына қарсы өткізетін жекпе-жегі туралы өз ойын білдірді.
- Баршаңызға ассалаумағалейкүм. 26-шы қыркүйекте бұрынғы чемпионмен өтетін айқасым - мен үшін үлкен сынақ! Алла қаласа, әлем чемпионы атану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды Қолдауларыңызға рахмет!, - деп жазды Батыр Жүкембаев Instagram парақшасына.
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) 32 жастағы тәжіребиелі мексикалық боксшы Мигел Васкеспен (41-8, 15КО) кездеседі.
Еске сала кетейік, отандасымыздың қарсыласы 2010-2014 жылдары аралығында жеңіл салмақта IBF чемпионы болған.
Аталмыш бокс кешінде Садриддин Ахмедов (9-0, 8КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9КО) және Аман Қазанғапов төбелеседі. Жерлестеріміздің қарсыластары әлі белгісіз.