DAZN «Канелоға» Деревянченкомен төбелесуге рұқсат берді
Бокс әлеміндегі белгілі американдық инсайдер Майк Коппинджер DAZN стримингтік платформасы орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестің жаңа қарсыласымен жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Коппинджер өзінің Твиттерінде украинлық Сергей Деревянченконы DФZN Альварестің қарсыласы ретінде мақұлдағанын жазды. 26 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena кешенінде өтетін орта салмақтағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер басталып кетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін DAZN <span>«Канелоның» қарсыласы ретінде </span>қазақстандық Геннадий Головкинді және ресейлік Сергей Ковалевті қараған болатын.
Sources tell @TheAthleticBOX that Sergey Derevyanchenko has now been approved by DAZN as an opponent for Canelo Alvarez, and negotiations are ongoing for a middleweight championship bout that could take place Oct. 26 at T-Mobile Arena in Las Vegas
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 30 июля 2019 г.