Басқа

Муайтайдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

20-29 шілде аралығында Тайланд елінің Бангкок қаласында ерсесектер арасынада муайтайдан әлем чемпионаты өтті.

Осы жарыста 13 қазақстандық тайбоксшы, екі дивизионда өнер көрсетті, элиталық A класста және U23 класында (17-23 жас).

Қазақ елінің спортшылары чемпионатта бес жүлде ұтып алды. Бақытжан Арифханов (51 келі), Еламан Саясатов (54 келі) және Ильмира Кунахунова (67 келі) қола медаль иеленді.

60 келі салмақ дәрежесінде (class U23) өнер көрсеткен Ерқанат Оспан күміс жүлдеге қол жеткізді. Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық спортшы украиналық Сергей Радовты нокаутқа түсірді. Ширек финалда малайзиялық Мохд Фазадкиды ұтып, жартылай финалда колумбиялық Томас Чавераны жеңіп алды. Финалда Ерқанат қытайлық Ионг Ченге есе жіберіп екінші орынға иеленді.

57 келі салмақ дәрежесінде (Elite A) Алмаз Сәрсембеков әлем чемпионы атанды. Жартылай финалда Алмаз украиналық Владислав Микитасты ұтты. Ал финалда Сәрсембеков ресейлік Сергей Абрамовты ұпай санымен жеңді. Қазақстан үшін, ол көптен күткен алтын жүлде. Соңғы рет, 12 жыл бұрын қазақстандық тайбоксшы Алмаз Касенов (81 келі) элиталық А-класста әлем чемпионы атанған болатын.

Жалпы медальдық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) 10-шы орынға ие болды. Бангкокта өткен әлем чемпионатына 99 мемлекет қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер