Жанкүйерлер Муртазаевты шілде айының үздік ойыншысы деп тапты

Жанкүйерлер Муртазаевты шілде айының үздік ойыншысы деп тапты
Жанкүйерлер клубтың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында айдың үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сауалнамаға осы айда ең көп ойын тәжірибесін иеленген 10 футболшы қатысты.

Нәтижесінде жанкүйерлер тарапынан 24,69% дауыс жинаған Роман Муртазаев үздік атанды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Чемпиондар Лигасы аясында өткен ЧФР Клужға қарсы сырт алаңдағы кездесуде гол соғып, чемпионат аясындағы «Тобыл» (екі рет) мен «Таразға» қарсы ойындарда нәтижелі пас берді.

Екінші орында Дорин Ротариу. Румын осы айда нәтижелі ойынымен көзге түспегенімен, «Астана» командасының шілде айындағы барлық кездесуіне қатысты.

Үздік үштікті Ненад Эрич қорытындылады. Елорда командасының капитаны бес ойынның төртеуінде (ЧФР Клуж, «Тобыл», «Санта Колома» және «Тараз») қақпасын құрғақ сақтап қалды.

Үздік бестік:

1.Роман Муртазаев 24,69%
2.Дорин Ротариу 21,99%
3.Ненад Эрич 16,01%
4. Абзал Бейсебеков 8,63%
5. Рунар Мар Сигурьонссон 8,55%

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или