Муайтайшыларымыз Әлем чемпионатында бес медаль алды

Муайтайшыларымыз Әлем чемпионатында бес медаль алды

20-29 шілде аралығында Таиланд елінің Бангкок қаласында ересектер арасынада муайтайдан Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Бұл додада Қазақстан құрамасы 5 медаль еншіледі. Екі дивизионда өнер көрсеткен (17-23 жас) 13 спортшының арасында - Бақытжан Әріпханов (51 келі), Еламан Саясатов (54 келі) және Ильмира Кунахуновалар (67 келі) қола медальға ие болса, 60 келі салмақта (class U23) өнер көрсеткен Ерқанат Оспан күміс жүлдеге қол жеткізді. </span>

<span>ҚР муайтай федерациясының мәліметіне сәйкес, жалпы медальдық есепте Қазақстан құрамасы 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) 10-орынға табан тіреді. Бангкокта өткен Әлем чемпионатына 99 мемлекет қатысты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или