Бэйл «Реалда» қалатын болды

Бэйл «Реалда» қалатын болды

Мадридтік «Реал» форварды Гарет Бэйл аталмыш клубта қалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Инсайдер Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, «Реал» қытайлық «Цзянсу Сунин» клубымен Бэйлге қатысты келіссөздерді тоқтатқан.

«Бүгінгі жағдайға көз жүгіртер болсақ, Гарет Бэйл «Реалда» қалады, – деп жазған Орнштейн өзінің твиттер-парақшасында.

Корольдік клуб Бэйлді 130 млн еуроға бағалап, сатпақшы болған.

Гарет корольдік клубқа «Тоттенхэмнан» 100 млн еуроға ауысқан болатын.

Валлийлік ойыншының корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Гарет Бэйлге қытайлық клубтан «өте жақсы» ұсыныс түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или