Кукушкин Мексикада 1/8 финалға өтті
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мексиканың Лос Кабас қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз бұл кезеңде босниялық спортшы Дамир Джумхурдан басым түсті.
1 сағат 35 минутқа созылған кездесуде Михаил 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы 1/8 финалда Грегуар Баррер - Кэмерон Норри жұбынының жеңімпазымен жолығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или