Воскобоева Юрмаладағы турнирдің финалында ұтылды
Сербиялық Нина Стоянович пен канадалық Шарон Фишман Юрмаладағы турнирдің финалында Латвия өкілі Елена Остапенко мен қазақстандық Галина Воскобоеваны жеңді.
<span>Екі жұптың кездесуі 1 сағат 40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Стоянович пен Фишман бір эйс жасап, доп асыруда алты рет қателесті, үш рет брейк-пойнт жасады. Ал қазақстандық теннисшінің командасы үш рет доп асырып, 14 мәрте екілік қате жіберді, бес рет брейк жасады. </span>
<span>Ойын 2:6, 7:6(1), 10:6 есебімен аяқталды. </span>
<span>Baltic Open турнирінің жұптық сынында жеңіске жеткен Стоянович пен Фишманға 280 рейтинг ұпайы берілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или